Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №24 қаулысы шықты. Бірқатар нысандардың шектеу шаралары алынып тасталды.

Енді ашық алаңдағы аттракциондар, фитнес, бассейн, тренажер, спорттық үйірмелер, қоғамдық монша, сауна, демалыс саябақтары түңгі 23-00-ге дейін жұмыс істейді. Театр, кітапхана, мұражайға адам санына шектеу қою арқылы рұқсат берілді.

«Қоғамдық көліктер демалыс және мереке күндері де жүретін болады. Барлығында кондуктор болуы тиіс. Ал сауда үйлері, ойын-сауық орталықтары, азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарлары демалыс күндері бұрынғысынша жұмыс істемейді, – деді облыс бойынша бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Динара Жаңабергенова.

Жаңа қаулыға сәйкес, көпшілік іс-шараларын, спорттық, отбасылық, естелік, салтанатты, мерекелік, мәдени, (банкеттер, үйлену тойы, мерейтой, еске алу) шараларды әзірге өткізуге болмайды. Кинотеар, караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын алаңдары мен аттракциондар, батуттар мен букмекерлік кеңселер, оқушылардың және мектеп жасына дейінгі балалардың экскурсиясына, кальянды пайдалануға тыйым салу жалғасады.

Тағы да оқыңыз: