Қызылордада «Би бекзаттары» онлайн концерті өтеді – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордада «Би бекзаттары» онлайн концерті өтеді

29.04.2021, 15:00

673 0

Kyzylorda-news.kz. Биыл Қызылорда облысында би өнерінің негізін қалаушылардың қатарында болған, белгілі хореограф Болат Қаржаубаев, Татьяна Булгай, Фариза Сүлейменованың еске алуға арналған «Би бекзаттары» атты онлайн форматта концерт өткізіледі.

«Тәуелсіздік алғалы қазақ мәдениеті қарыштап дамыды. Оның ішінде би өнері біршама ілгеріледі. Оған Сыр елі хареографтар мен бишілерінің қосқан үлесі зор. Бұл жұмысты әрі қарай жалғастыру үшін облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы білім ордаларымен тығыз байланыс орнатты. «Сыр сұлуы», «Алтын Арай», «Қызғалдақтар», «Жас дәурен», «Экспресс» секілді ансамбльдердің репертуарын қайта жасақтау, қатарын толықтыру, базасын нығайту мақсатында жұмыстар жүргізуде. Мұндай жұмыстар би өнерінің өрісін кеңейтіп, дамыта түседі», – деді облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Әбуова.

Облыста балет және өнер мекемелерінде 116 би үйірмесі бар. Оған 2103 өнерпаз тартылған. Айта кетейік, барлық мәдени мекемелер жанындағы би үйірмелері ақысыз қызмет көрсетеді.

«Томирис» би ансамблінің құрылғанына биыл 20 жыл толды. Соған орай қазан айында үлкен іс-шара өткізуге дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Қазір елдің талғамы өсті. Қайталама дүниені көргісі келмейді. Сондықтан біз көрерменді жалықтырып алмас үшін жаңа би түрлерін енгізіп, сахналық костьюмдерді даярлаудамыз. Жалпы, ансамбль қоржынында бүгінде көрермен көзайымына айналған 80-ге жуық би бар. Ал енді талғам мен талапқа келсек, біз бишілермен 1 жылға келісім шартқа отырамыз. Сосын ақырындап келісім созыла береді. Қазір бізде 15 жылдан бері билеп келе жатқан талантты бишілеріміз бар. Ал аттестациядан 3 жылда бір рет өткіземіз», – деді «Томирис» би ансамблінің жетекшісі Гүлбану Мырзабаева.

0

Пікір қалдыру