Kyzylorda-news.kz. ҚР «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бөлшек сауда бағаларына мемлекеттік бақылау жүргізілуде.

Жыл басынан бері Қызылорда облысы көлеміндегі 45 сауда нысанына жоспардан тыс тексерулер тағайындалып, бүгінгі күні 40 сауда нысанына тексеру жұмыстары аяқталды.

Оның Қызылорда қаласы, Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі және Жаңақорған аудандарында орналасқан 33 нысанында (картоп, пияз, сәбіз, рожки, күнбағыс майы, тауық еті, қант, күріш, ас тұзы, рожки, жұмыртқа, ұн, нан) сауда үстемесін сақтау бөлігінде заң бұзушылығы анықталып, әкімшілік шарасы қолданылылды. Ал Қызылорда қаласындағы 7 нысанда заң бұзушылық анықталмаған, қалған 5 сауда нысандары бойынша тексеру жұмыстары жалғасуда.

Тұрғындардың көп жағдайларда үй жанындағы дүкендер мен шағын маркеттердің қызметіне жүгінетінін ескере отырып, бірінші кезекте осы нысандарға бағаны негізсіз өсірудің жауапкершілігі ескертілді. Аталған жұмыстар аясында аймақтағы 2 192 кәсіпкерлік субъектісіне хабарламалар беріліп, аталған нысандарға апта сайын мониторинг жүргізілуде.

азык.jpg

Тағы да оқыңыз: