Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында 14 қазан күні сағат 20.00-ден бастап 15 қазан күнгі сағат 06.00-ге дейін орталық ауыз су жүйелеріне және «Әл-Фараби», «Шанхай», «КБИ» тұрғын аудандарының су жүйелеріне жоспарлы жуу, шаю және залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты қала орталығының ауыз су жүйелерінде судың қысымы уақытша төмендетіледі.

«Әл-Фараби», «Шанхай», «КБИ» тұрғын аудандарында 2021 жылдың 14 қазан күні сағат 20.00-ден 15 қазан күні сағат 06.00-ге дейін ауыз су беру уақытша тоқтатылады.

Ауыз суды пайдаланар алдында кранды ашып хлордың иісі толық кеткенше ауыз суды пайдаланбауды сұраймыз.

Ведомстволық мекемелерде 2021 жылы 15 қазан күні 06.00-ден бастап суды ағызып хлордың иісі толық жойылғанға дейін жауапты кісілерді бекіту қажет.

Тағы да оқыңыз: