Қызылордада ауылшаруашылығы саласының кәсіпкерлеріне тегін кеңес беру орталығы жұмыс істейді – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордада ауылшаруашылығы саласының кәсіпкерлеріне тегін кеңес беру орталығы жұмыс істейді

06.01.2020, 11:00

407 0

Kyzylorda-news.kz. Кәсіпкерлер палатасының алаңында «Ауыл шаруашылығы бағытында кәсіпкерлікті жүргізу бойынша тегін кеңес беру орталығы» қызметін пайдалануға шақырамыз.

Ветеринария, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары мен жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау, табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу, фитосанитариялық-карантиндік бағыттарында, салық түсімдерін есептеу мен бақылау-кассалық машиналары (ККМ) туралы кәсіпкерлер мен тұрғындарды толғандырған сұрақтарға жауап беріп, заңдылықтарға сәйкес бағыт-бағдар жасау.

«Ауыл шаруашылығы бағытында кәсіпкерлікті жүргізу бойынша ТЕГІН кеңес беру орталығында» дүйсенбіден жұма күндері сағат 12:00 – 13:00 аралығында мамандар кеңес береді.

Орналасқан орны: Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы, Қызылорда қаласы, Желтоқсан 12, 2-қабат.

Анықтама телефоны: 8/7242/40-02-02.

0

Пікір қалдыру