Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық полицейлер рейд барысында аудан тұрғынынан тіркелмеген мылтықты тәркіледі.

«Құқық тәртібі» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында қызылордалық полицейлер Қызылорда облысы Арал ауданының тұрғынынан нөмірі өшірілген 16 калибрлі тіркеуде жоқ аңшы мылтығын тәркіледі.

5 қаңтарда Арал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ауыл тұрғынының үй ауласындағы сарайынынан қару тапқан. Зауыттық тәсілмен дайындалған мылтық ішкі істер органдарында тіркелмеген.

Айғақ зат Қызылорда облысы Полиция департаментінің жедел-криминалистикалық бөліміне зерттеуге жіберілді.

Қазіргі уақытта бұл азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігі (жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленуі, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған құжаттар  сотқа жолданды.

Тағы да оқыңыз: