Kyzylorda-news.kz. 26 маусымда бірқатар облыста дауылды ескерту жарияланады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.

Петропавл қаласында 26 маусымда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі.

Қарағанды облысының кей жерлерінде жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-20 м/с. Кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с. Кей жерлерде өрт қауіптілігінің төтенше деңгейі күтіледі.

26-28 маусымда Түркістан облысының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай болады, солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 38 градусқа қатты ыстық, өте жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласында күндіз найзағай болады, солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с күтіледі.

Тағы да оқыңыз: