Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК ауа райының қолайсыздығына байланысты үш өңірде ескерту жариялады.

Атап айтқанда, 9 маусым күні Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстіктен және солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз оның екпіні 15-20 м/с болады.

9 маусымда Қызылорда облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с артады. Шаңды дауыл сақталады.

9 маусымда Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл көтеріледі. Шығыстан жел соғады, кей жерлерде оның күші 15-20 м/с болады.

Тағы да оқыңыз: