Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда алты облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

23 қаңтарда Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ертең Атырау қаласында тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

23-24 қаңтарда түнде Ақмола облысында ауа температурасы 30-35, кей жерлерде 38 градусқа дейін күрт төмендейді.

23-24 қаңтарда түнде Көкшетауда 32-34 градус аяз болуы мүмкін.

23 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік батыстан соққан жел, солтүстікке ауысады, түнде кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

23 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Жел оңтүстік батыстан солтүстік батысқа ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с күшейіп, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.

Ертең күндіз Қызылорда қаласында жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Жел оңтүстік батыстан солтүстік батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

23-24 қаңтарда түнде Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы минус 30-35-ке дейін төмендеуі мүмкін. 24 қаңтарда түнде кей жерлерде 40 градус қатты аяз болады.

23 қаңтарда түнде Петропавлда ауа температурасы минус 32-34 дейін төмендейдіі, 24 қаңтарда түнде 37-39 градус қатты аяз болуы ықтимал.

23 қаңтарда Қарағанды облысының кей жерлерінде боран соғады, тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік батыстан соғады, 15-20 м/с дейін күшейеді.

Тағы да оқыңыз: