Қызылордада автокөлiкті құжатсыз басқарған тұрғынға айыппұл салынды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада автокөлiкті құжатсыз басқарған тұрғынға айыппұл салынды

04.12.2020, 11:20

362 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы полиция департаментінің патрульдік полиция бекеттерімен қызмет атқару барысында Қызылорда қаласы Амангелді көшесінде SSang Yong  автокөлігі тоқтатылды.

Тәртіп сақшыларымен құжаттарын тексеру барысында 32 жастағы қала тұрғыны автокөлікті құжатсыз басқарғаны анықталды. Ол автокөлікті мас күйде басқарғаны үшін сот шешімімен 2017 жылы 3 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны  белгілі болды.

Жүргізушіге Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 612 бабының 3 бөлігімен (Көлiк құралын басқару құқығынан айрылған жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы) әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданған.

Қызылорда қаласы мамандандырылған әкімшілік сотымен оған 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

0

Пікір қалдыру