Қызылордада автокөліктерге тексеріс жүргізілуде – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордада автокөліктерге тексеріс жүргізілуде

29.04.2021, 16:00

425 0

Kyzylorda-news.kz. Өткен жылы «Қызылорда облысының экологиялық мәселелерін кешенді шешу жөніндегі 2020-2025 жылдарға Жол картасы» бекітілді.

Айта кетейік, аймақ экологиясын жақсартуға бағытталған Жол картасы бірнеше бағыттан тұрады.

«Жол картасының 2,2 тармағына сәйкес, алдағы 5 жылға арналған «Таза ауа» іс-шара жоспары бекітілген. Қазір облыстың полиция департаментімен бірігіп, қала төңірегіндегі жүріп жатқан автокөліктердің экологиялық нормаларға сәйкестігін анықтау үшін рейд жүргізудеміз. Мәселен, бензин, газ және дизель отынымен жұмыс істейтін 38 автокөлікке тексеріс жүргізіп, оның бесеуінен белгіленген нормативті бұзу деректерін анықтадық. Автокөлік жүргізушілеріне ескерту беріліп, хаттама толтырылды», – деді Қызылорда облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары Бекзат Тілегенов.

0

Пікір қалдыру