Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы ТЖО-ның бірінде жөнделіп жатқан «Хюндай Акцент» маркалы автомобильдің қозғалтқышына белгісіз біреу әдейі құм құйып, оны зақымдаған. Материалдық шығын шамамен 1 миллион теңгені құрады.

Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ұсталды. Ол, 1992 жылы туған қала тұрғыны болып шықты.

Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. 

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің202-бабының 1-бөлігімен(Айтарлықтай залал келтіріп, бөтеннің мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру)сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Тағы да оқыңыз: