Қызылордада «Автобус» жедел-профилактикалық шарасы басталды – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордада «Автобус» жедел-профилактикалық шарасы басталды

04.10.2021, 17:51

233 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада «АВТОБУС» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Облыс аумағында автомобиль жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру, сондай-ақ желіде қызметін тіркеусіз жүзеге асыратын азаматтарға қатысты бақылауды күшейту мақсатында «АВТОБУС» жедел- профилактикалық іс-шарасы басталды.

Қазан айының 4-13 күндері аралығында өтетін іс-шара аясында көлік жолдарында ОПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы мен Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерімен бірлесіп, алдын ала және кезең-кезеңімен, оның ішінде рейс алдында жүргізушіні медициналық қарау, олардың еңбек және демалыс режимін сақтауын қадағалау жоспарлануда. 

0

Пікір қалдыру