Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда қаласында 30 жастағы азаматтың басқаруындағы «Хюндай» автокөлігіне көрінеу жалған мемлекеттік белгісін тағып басқару дерегі анықталды.

Тексеру барысында жүргізушіге жылдамдық асырып «Аркан» құрылғысына 55 мәрте түскені үшін 1 млн 73 мың теңге айыппұл салынған.

Қазіргі таңда құқық бұзушыға көрінеу жалған мемлекеттік белгісін тағып басқарғаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 590 бабының 4 бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, көлік құралы айып алаңына қойылды және кодекстің 684 бабына сәйкес, жинақталған құжаттар Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына тиісті шешім қабылдау үшін жолдануда.

Бұл бағыттағы жұмыстар департамент басшылығының қатаң бақылауында.

Тағы да оқыңыз: