Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің кезекші қызметіне Шанхай мөлтек ауданындағы жеке тұрғын үй ауласында қақпаның жоғарғы жағындағы темірден жарақаттанған 10 жасар ер балаға көмек қажет екендігі хабарланған. Бала оң алақанын темірден шығара алмай қалған.

Келіп түскен хабарлама бойынша Құтқару бөлімшесі көмек көрсетті.

Белгілі болғандай, 2010 жылы туған Алексей Хван оң қолын қақпаның жоғарғы жағындағы темірге жарақаттап алған. Соған орай қақпаның аталған бөлігін холматро кескіш құралымен кесіп, темірдің 50 см бөлігімен бірге жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылған.

«Құрметті ата-аналар! Қазіргі уақытта каникулға байланысты Сізден балаға мұқият болуды, өрт пен су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын, үйдегі, тұрмыстағы қауіпсіздік ережелерін үнемі түсіндіруді, баланы қараусыз қалдырмауды сұраймыз», – деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.

Тағы да оқыңыз: