Kyzylorda-news.kz. Қызылордада 2 тұрғын өздерінің бір алаяқтың құрбаны болғанын айтып арызданды.

Белгісіз ер адам өзінің атын бүркемелей отырып әлеуметтік желі арқылы танысып, жәбірленушілердің сеніміне кіріп, достық қарым-қатынас орнатқан. Уақыт өте келе, өзін теміржол саласының қызметкері ретінде таныстырып, жұмысқа орналастыруға уәде еткен алаяқ арызданушыларға 100 000 теңге шығын келтірген.

Алаяқты ұстау мақсатында полиция қызметкерлері қажетті жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде 1983 жылы туған жұмыссыз, қала тұрғынын ұстады.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 бабының 3 бөлігі 4 тармағы (бірнеше рет жасалған алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Алаяқтың  басқа да істерге қатыстылығы анықталуда.

Тағы да оқыңыз: