Kyzylorda-news.kz. Қызылор облысының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 665 адам стационар жағдайындағы қызметке жүгінуде. Оның ішінде, қарттар үйіндегі 23 қызмет алушы коронавирус инфекциясына күмәнді болып ауруханаға жатқызылды. Қарттар үйіндегі қызмет алушыларды Талсуаттағы оңалту орталығына көшіріп, қарттар үйінің ғимаратына толықтай дизенфекциялау, санитарлық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Мейрамбек Абдукаримов мәлімдеді.

«Стационар жағдайында жатқан қызмет алушыларға 333 маман күн-түн демей тұрмыстық, медициналық қызметтер көрсетуде. Яғни қызмет алушылардың дене қызуларын өлшеу, тіркеу, бөлмелердегі ауаны желдету, кварцтау санитарлық шараларды қолдана отырып жүргізілуде», – деді Мейрамбек Жақсылықұлы.

Тағы да оқыңыз: