Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында 12 209,6 тонна әлеуметтік маңызы бар өнімдердің қоры сақталып, сатылуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы Сейілбек Нұрымбетов мәлімдеді.

«Өңірлік тұрақтандыру қорының өнімдерімен бірге басқада күнделікті қажетті азық-түлік тауарлары төмен бағада сатылуда. Сонымен қатар, облыста қосымша 2 мың тонналық заманауи жабдықталған көкөніс сақтау қоймасы іске қосылып, қосымша сатып алынған көкөніс өнімдері осы қоймаға қабылданып сақталуда»,-деді Сейілбек Нұрымбетов.

Айта кетейік, облыста 29 әлеуметтік дүкен және 1 әлеуметтік маркет жұмыс жасауда. Сондай-ақ, жыл соңына дейін қосымша 34 дүкен ашу жоспарлануда.

Сонымен қатар, әлеуметтік дүкендердің қажеттілігіне қарай, яғни өтімділігіне байланысты отандық тауар өндірушілерден 100 тонна пияз, 35 тонна қырыққабат, 50 тонна сиыр еті сатып алынатын болады.

Тағы да оқыңыз: