Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында «Абайлаңыз – балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасының екінші кезеңі басталды.

Ертең елімізде жаңа оқу жылы басталады. Алғашқы қоңырау үнімен бірге оқушылар үшін ілім – білім жинайтын жауапты кезең басталады.

Жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында балалардың қатысуымен жол-көлік оқиғаларының алдын алу, сондай-ақ балалардың көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын нығайту мақсатында Қызылорда облысы көлемінде 2 кезеңнен тұратын «Абайлаңыз – балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Аталмыш шараның дайындық кезеңінде Қызылорда облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция қызметі басқармасы жол және коммуналдық қызметтердің өкілдерімен бірлесіп, жалпы білім беретін, мектепке дейінгі мекемелерге, қосымша білім беретін ұйымдарға және оларға жақын орналасқан аумақтардың көше-жол желісінің және жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық құралдарының пайдалану жай-күйіне тексеру жұмыстары жүргізіліп, ұйғарымдар мен ұсыныстар жолданды. Сонымен қатар, қауіпсіздік белдіктерін, автомобиль салонында балаларды тасымалдау кезінде балаларды ұстап қалу құралдарын қолдану қажеттілігі бойынша «Сіздің жолаушыңыз – бала!» атты профилактикалық акциялар өткізілді.

Іс-шараның негізгі кезеңін өткізу шеңберінд 1-9 қыркүйек аралығында балалар мен жасөспірімдердің тұрақты тұрғылықты және оқитын жерлерінде көлік ортасына бейімделуіне байланысты мектептік жиындарға, қауіпсіз жол жүрісі сабақтарына «Бірінші сыныпқа барғандарды жаяу жүргіншілер қатарына қосу», «Біз жолдардағы қауіпсіздікті қолдаймыз!» және басқа да тақырыптық іс-шаралар ұйымдастырылады.

Бұған қоса, патрульдеу бекеттерін барынша оқу орындарына жақындатуды және оқушылардың қауіпсіз жүріп-тұруын қамтамасыз ету үшін балалардың киімінде жарық қайтарғыш элементтерін (фликерлерді) орнату қажетт

Тағы да оқыңыз: