Kyzylorda-news.kz. Өткен жылы пандемияға байланысты кәсіпкерлердің бизнесі тоқтап, біраз адам жұмыссыз қалған болатын. Осыған орай, биыл республика бойынша «Ashyq» мобильді қосымшасы іске қосылды. Жоба күн өткен сайын қажеттілігін көрсетуде.

«Облыс бойынша «Ashyq» мобильді қосымшасына қосылатын 510 нысан анықталды. Бүгінде 94-і іске қосылған. Оның 84-і Қызылорда қаласында, 3-і Шиелі ауданында, 2-уі Қазалы ауданында, 1-уі Арал ауданында, 1-і Қармақшы ауданында және 3-і Жалағаш ауданында», – деді Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Пірмұхаммед Сыздықов.

Соңғы аптада «Ashyq» қосымшасында екі рет ақау шықты. Оның басты себебі – вакцина салдырғандар тізімінің қайта толықтырылуы. Сондықтан, бағдарламаның кедергісіз жұмыс жасауы үшін «kaspi bank», «‎Halyk bank» және «egov» қосымшаларының ішіне қосу жұмыстары жүргізілуде.

Тағы да оқыңыз: