Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында 76 жастағы ер адам коронавирус жұқтырған.

«Науқасқа шалдыққандар – 1989, 1970, 1983 және 1944 жылы дүниеге келген азаматтар. Олар денсаулық жағдайына байланысты шағымымен өздігінен медициналық көмекке жүгінген. ПТР анализдері алынып, зерттеу қорытындысы науқастардың коронавирус инфекциясын жұқтырғанын көрсетті. Қазіргі таңда пациенттер ауруханаға оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр. Ауру ошақтарында мамандар індетке қарсы іс-шаралар ұйымдастырып, қарым-қатынаста болғандар анықталуда», – деп мәлім етті Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті.

Айта кетейік, соңғы тәулікте Қызылорда облысында коронавирус инфекциясы белгісімен 4 адам тіркелді. Вирусты жұқтырудың 1 дерегі Қызылорда қаласында болса, 2-і Арал, 1-і Шиелі ауданында тіркелді.

Тағы да оқыңыз: