Kyzylorda-news.kz. Биылғы жылы елімізде жарияланған карантиндік шектеулерге байланысты облыс әкімінің бастамасымен әр сала бойынша аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдіктері, облыс мекемелері, кәсіпорындары қарттарымызға сый – сыяпат көрсету рәсімдерін барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып көрсетуде.

«Бірнеше жылдан бері «Сыр мейірімі» жобасы аясында көмекке мұқтаж 225 жалғызбасты қарттар мен мүгедектер, аз қамтылған отбасыларын түскі аспен қамту тұрақты түрде жалғасуда. Облыс ардагерлеріне жыл сайын Нұр-Сұлтан қаласы мен Қазақстанның басқа да өңірлерінің тарихи орындары мен көрікті жерлерін тамашалауды ұйымдастырып келеміз. Былтыр Өзбекстанға 200-ден астам ардагер барды. Биылғы жылға жоспарланған осындай шаралар елімізде жарияланған карантиндік шектеулерге байланысты тоқтатылды», – деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Ибраева.

Облыста 73 мыңнан астам зейнет жасындағы ардагерлер бар. Олардың әлеуметтік мәселелері – әрдайым назардан тыс қалған емес. Аймақтағы егде жастағы азаматтар үшін лайықты өмір сүру сапасын арттырудың 2018-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын қабылданды. Жоспарға сәйкес егде жастағы азаматтарды әлеуметтік қорғауға бағытталған шаралар жүргізілуде.

Тағы да оқыңыз: