Kyzylorda-news.kz. Қызылордада 17 мамыр күні көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабаттағы пәтер терезесінен 5 жасар қыз бала құлады.

Оқыс жағдай туралы түнгі сағат 23:15-те 112 құтқару қызметіне  Астана мөлтек ауданындағы пәтерде ата-анасының қарауынсыз қалған 2015 жылғы қыз баланың құлағаны туралы хабар түсті.

Қызылорда  облыстық балалар ауруханасына жеткізілген қыздың жағдайы орташа, ол қазіргі таңда дәрігерлердің бақылауында.

«Бүгінде облысымызда терезеден құлау фактілері көбеюде. Бұл биылғы жылы орын алып отырған екінші дерек. Бұған дейін 2017 жылғы сәби 5қабатты тұрғын үйдің 3 қабатынан құлаған», – делінген Қызылорда облысы Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің хабарламасында.

Тағы да оқыңыз: