Kyzylorda-news.kz. Қызылордада бес адам мінген көлік каналға құлап, бір адам көз жұмды. Бұл туралы Қызылорда облыстық облыстық Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз қызметі.

Оқиға 17 мамырда таңғы сағат 04.50 шамасында орын алған. Бес адам мінген «Skoda» көлігі «Қызылорда-Жезқазған» трассасы бойындағы каналға құлап кеткен.

«Облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне түскен аталған шақырту бойынша оқиға орнына жедел құтқару жасағының құтқарушылары дереу жетті. Автокөлік ішінде жүргізушіден бөлек, 4 жолаушы болғаны анықталды. Олар жедел жәрдем қызметі арқылы дәрігер қарауына жөнелтілді. Олардың денсаулығы қалыпты. Дәрігерлер тексеруінен өтті. Оқиға орнында 1961 жылы туған жолаушы көз жұмғаны белгілі болды. Құтқарушылар оның жансыз денесі мен автокөлікті сыртқа шығарып алды», – деп мәлімдеді облыстық Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз қызметі.

Тағы да оқыңыз: