Kyzylorda-news.kz. Бүгінде аймақта меритократия қағидаты жүзеге асырылуда. Мәселен, ішкі конкурс арқылы жұмысқа қабылданған 206 үміткердің 149-ы жоғары лауазымға тағайындалды. Сондай-ақ, персоналды басқарудың «Е-қызмет» ақпараттық жүйесіне қосылған мемлекеттік органдарда құжаттардың 99,2 пайызы автоматты режимде жүйеге енгізілді.

“Биыл жергілікті атқарушы органдар бойынша қайта даярлаудан 84 адам, ал біліктілігін арттыру курсынан 405 мемлекеттік қызметші өтті. Бұған қоса, мемлекеттік қызметке білікті кадрларды дайындау мақсатында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетімен әріптестік меморандум бекітілді. Меморандум аясында университетте «Мемлекеттік қызмет мектебінің» жұмысы алға қойылды. Алдағы уақытта жаңа форматтағы кадр қызметкерлерін дайындау үшін HR-мамандары оқытылатын болады. Сонымен қатар, халықтың қызмет алуына қолайлы жағдай жасау мақсатында 574 «өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштары» жұмыс жасауда”,-деді ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы Рафхат Бисенов.

Тағы да оқыңыз: