Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында полицейлер тұрғынның көлігінен есірткі мен қару-жарақ тәркіледі.

Қызылорда қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны 35 жастағы қала тұрғынының басқаруындағы «Mitsubishi Space Wagon» автокөлігін тоқтатты. Полицейлер профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізу кезінде автокөліктің артқы орындығында қару бар екендігін байқаған. Тексеру барысында табылған зат еш жерде тіркелмеген қару болып шықты.

«Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақыртылды. Тәртіп сақшылары көлік ішінен газет қиындысына оралған есірткі затын, заңсыз қару және 17 патрон тәркіледі. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 296-бабының 2-бөлігімен және 287-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды», – делінген хабарламада.

Тағы да оқыңыз: