Қызылордада 13 жасар қыз жоғалып кетті – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордада 13 жасар қыз жоғалып кетті

20.06.2021, 10:00

706 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласы, Махамбет ауылы Иманбердиев көшесі 6 үйден шығып кеткен Замира Бағдатқызы іздестіріліп жатыр.

13 жастағы жасөспірім 18 маусым күні сағат 12:30 уақыт шамасында белгісіз бағытқа шығып қайта оралмауына байланысты Қызылорда облысының Полиция департаменті іздеу салады.

Ерекше белгілері: бойы 155 см, арық денелi, қараторы келген, шашы қоңыр түсті иығынан келеді, қысынқы көздi.

Киген киімдері: қызыл түсті шорты, қызыл түсті футболка.

Қандайда бір ақпарат немесе жүрген жерлері туралы мәлімет білген жағдайда төменде көрсетілген телефон нөмірлеріне хабар берулеріңізді сұраймыз.

Тел: 8(7242)-29-70-10, 8(7242)-29-75-20, 8(7242)-29-75-02, 8-705-255-81-25


0

Пікір қалдыру