Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының 35 жастағы тұрғыны «Атырау қаласындағы мұнай компаниясына туысқандарыңды жұмысқа орналастырып беремін» деген желеумен қала тұрғынынан алаяқтық жолмен 13 миллионнан астам ақшасын алдап алған.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігі бойынша (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Бүгінгі күнге алаяқтық қылмыстарының алдын алу, болдырмау бағытында тиісті іс-шаралар атқа¬рылуда. Полицейлер тарапынан облыс тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, алаяқтардың арбауына түсіп қалмау жайлы қандай сақтық шараларын сақтау керектігі түсіндірілуде. Осы мақсатта халыққа қызмет көрсету орындары мен базарларда, сауда орталықтарында плакаттар жапсырылып, жаднамалар таратылды.

Қызылорда облысының Полиция департаменті облыс тұрғындарына алаяқтардың құрбанына айналмас үшін қарапайым ғана ұқыптылықты ұстану, жоғары кепілдік кіріс уәделеріне сенбеу және ақша, бағалы заттар мен мүлікті күмәнді адамдарға немесе компанияларға тапсырмау керектігін ескертеді.

Тағы да оқыңыз: