Қызылордада 1000-ға жуық жоба іске асырылады – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада 1000-ға жуық жоба іске асырылады

28.01.2021, 16:40

728 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында пандемиядан зардап шеккен шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау мақсатында бірқатар жұмыстар жасалуда.

Атап айтар болсақ, биыл мемлекеттік, өңірлік бағдарламалар аясында 6 млрд теңге бөлінді. Яғни, «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы шеңберінде 2,6 млрд теңге, «Еңбек» бағдарламасына 3 млрд теңге және өңірлік инвестициялық орталығына 300 млн теңге. Аталған бағдарламалар аясында кәсіпкерлердің 1000-ға жуық жобасы қаржыландырылады.

«Аймақта шағын және орта бизнес өкілдірінің саны 54 700-ді құрайды. Пандемия кезінде 74 пайызының кәсібі ішінара тоқтатылды. 10-мыңға жуық кәсіпкер зардап шекті. Сол кезде бизнесті қайта жандандыру үшін кәсіпкерлерге салық жеңілдіктері берілді. Несие төлемдері кейінге қалдырылып, кредиттерді жеңілдікті шарттармен қайта қаржыландыру мүмкіндігі берілді. Мемлекеттік бағдарламалардың несиелендіру шарттары оңтайландырылып, бюджеттен қаржы қарастырылды. Кәсіпкерлік саласындағы әртүрлі бағдарламалар аясында 20 млрд. теңге несие берілді. 500-ге жуық жоба несиелендірілді. Сондай-ақ, өткен жылы 252,8 млрд.теңгенің өнімі өндірілді», – деді облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов.

0

Пікір қалдыру