Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Басты мақсат – әкімшілік аймақта қылмыс пен құқық бұзушылықты болдырмау, заңсыз қаруларды анықтау, көші-қондылыққа бақылау жасау, тұрғындар жайлы ақпарат жинақтау.

Бүгінгі күнге дейін 17 мыңға жуық үй жайлар тексерілді. Аймақта қаруы 8796 адам тіркелген. Полиция қызметкерлері 1101-нің мекен-жайына барып, қаруды сақтау, алып жүру және тіркеу ережелерін түсіндірді.

«Облыста 258 учаскелік полиция инспекторы бар. Халық саны мен аумақтың көлеміне байланысты әлі де 145 учаскелік полиция инспекторлары мен 128 көмекші қажет етеді. Электронды планшеттермен қамтылуы 55 пайызды құрап отыр. Яғни, 143 планшет бар. Ал портативтік бейнетіркегіштермен 44 пайызы жабдықталған», – деді ОПД Жергілікті полиция қызметінің бастығы Бауыржан Ибраев.

Тағы да оқыңыз: