Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда қаласының әкімі Ғанибек Қазантаев және Кәсіподақ орталығы мен жұмыс берушілер арасында өзара түсіністік пен әлеуметтік әріптестікті қамтамасыз ететін үш жақты меморандумға қол қойды.

Тараптар қызметкерлердің жұмыспен қамтылуы, еңбек құқықтары мен кепілдіктерін сақтау және өндірістің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі өзара ынтамақтастық туралы меморандумға отырды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, Болашақ университеті және «Бақ-береке» ЖШС, «Промстройсервис.Е» ЖШС мен Ажар сити, Қызылорда сауда желілері сынды 6 мекеме меморандум талаптарын мақұлдап, Қызылорда қаласының әкімдігі және Кәсіподақ орталығымен өзара ынтымақтастығын нығайтты.

«Алда енді өздеріңіз секілді жұмыс берушілермен, ірі мұнай компанияларымен және кәсіп орындармен де меморандумға отыратын боламыз. Бүгінгі жұмыс алда атқарылар ауқымды жобалардың бастамасы болды. Қалыптасқан қиын кезеңге қарамастан біздің бастамамызды алғашқылардың бірі болып қолдағандарыңызға шынайы алғысымды білдіремін», – деді Ғанибек Қазантаев.

Тағы да оқыңыз: