Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда қаласында «Тарлан» спорт кешенінің ашық есік күні өтті.

Шара аясында қонақтар орталықтың инфрақұрылымымен танысып, бокс және таеквондо бойынша жаттығуларды тамашалады. Сонымен қатар, жас спортшылар қазақстандық кәсіпқой боксшы Қамшыбек Қоңқабаевпен кездесті.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ және «Sport Qory» спортты қолдау қорының демеушілігімен Қызылорда, Семей, Шу, Түркістан қалаларындағы төрт дене шынықтыру-сауықтыру кешенін толыққанды спорттық дайындық үшін барлық жабдықпен толықтырдық. Балаларға татами, бокс рингтері, спорттық құрал-жабдықтар, киім-кешек және тағы басқалар сатып алынып, сыйға тартылды. «Тарлан Батырлары» компаниясының атынан және жеке өз атымнан демеушілерге алғыс білдіремін. Осының арқасында спорттың танымалдылығы артып, Қазақстанда елімізді халықаралық аренада лайықты танытатын чемпиондардың жаңа легі пайда болатынына сенімдімін, — дейді «Тарлан батырлары» ЖШС директорының орынбасары Асқар Сембиев.

Қызылордадағы «Тарлан» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде бокс, таэквандо және ауыр атлетика секциясы жұмыс істейді. Бүгінде онда спорттық шаралармен 7 жастан асқан 350-ден астам бала қамтылған.

Тағы да оқыңыз: