Kyzylorda-news.kz. Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бұйрығымен ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізілуімен «Қызылорда су жүйесі» МКК-ның сумен жабдықтау  және сарқынды суды бұру қызметтерініңқолданыстағы тарифтері сәйкесінше 12,4 және 13,5 пайызға төмендетіліп бекітілді.

Алайда, субъектімен аталған шешімді жою бойынша сотқа талап арыз берілді. Соттың бірінші инстанциясы «Қызылорда су жүйесі» МКК-ның шағымын қанағаттандырусыз қалдырды. Субъектімен тағыда аппеляциялық шағым беріліп, ол Департамент тарапына қаралды және Департаменттің 140,1 млн. теңге көлеміндегі негізсіз алынған кірісті тұтынушыларға қайтару бойынша уақытша өтемдік тарифтерді енгізу туралы бұйрығы заңды күшіне енді.

Осыған байланысты, «Қызылорда су жүйесі» МКК-ны 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап барлық тұтынушыларға келесідей мөлшерде уақытша өтемдік тарифтерді енгізе отырып, қайта есептеу жүргізуі қажет.

сумен жабдықтау  қызметіне: тұрғындар үшін – 41,46 теңге, бюджеттік мекемелерге – 65,11 теңге, өзге тұтынушыларға – 125,66 теңге;

сарқынды суды бұру қызметіне: – 46,42 теңге, бюджеттік мекемелерге – 124,49 теңге, өзге тұтынушыларға – 134,41 теңге.

Тағы да оқыңыз: