Қызылорда: Шекарадан заңсыз өтпек болған Өзбекстан азаматтары ұсталды – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылорда: Шекарадан заңсыз өтпек болған Өзбекстан азаматтары ұсталды

10.04.2021, 20:41

572 0

Kyzylorda-news.kz.  ҰҚК ШҚ Қызылорда облысы бойынша департаментінің шекарашылары мемлекеттік шекараны заңсыз бұзып өтпекші болған бірнеше азаматтың іс-әрекеттеріне дер кезінде тосқауыл қойып, заңсыз көші-қон арнасын анықтады.

«Тұщықұдық» шекара бөлімшесінің әскери қызметшілерімен мемлекеттік шекара маңайында «Газ-66» автокөлігімен мемлекеттік шекара режимін бұзғаны үшін төрт азамат ұсталды.

Олардың екеуі отандастарымыз, ал қалған екеуі Өзбекстан Республикасының азаматтары екендігі анықталды.

Сондай-ақ   қандастарымыз өзбек азаматтарын заңсыз ақша арқылы өткізбекші болған. Оған қоса автокөліктерін тексеру нәтижесінде контарабандалық жолмен пайда табу мақсатында жеткізбекші болған қосалқы бөлшектер мен әртүрлі халық тұтынуға арналған тауарлар табылды.

Факт бойынша заңсыз көші-қонды ұйымдастыру және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту бойынша қылмыстық іс қозғалып, құзырлы органдармен тергеу жұмыстары жүргізілуде.

0

Пікір қалдыру