Kyzylorda-news.kz. Бұл туралы бүгін қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте айтылды.

Қала әкімінің 25 маусым 2020 жылы № 15619 қаулысына сәйкес жолаушылар мен багажды қалалық (ауылдық) қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланған тариф, жолақысын ұялы байланыс операторының көрсетілетін қызметтері арқылы немесе электрондық жол жүру картасы арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде – 90 (тоқсан) теңге болса, қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 120 (жүз жиырма) теңге болып бекітіліп, осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді.

«Қызылорда қаласының тұрғын-үй комммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» басшысының орынбасары Б.Далабаев бастапқыда жаңа жүйе автопарктің үлкен сыйымдылықтағы қоғамдық көліктерін қамтып, кезең кезеңімен барлық орта және кіші сыйымдылықтағы қоғамдық көліктерде толық енгізілетіндігін жеткізді.

Қазіргі таңда қала тұрғындары жаңа жүйенің көлік карталарын автопарктің қалаішілік бағыттарындағы жүргізушілері арқылы сатып алуларына болады. Алдағы уақытта карантин режимінің талаптарын ескере отырып, көлік карталарын қолайлы орындардан сатып алу мүмкіндіктері қарастырылмақ.

Жолаушы электронды жолақысы төлемін өзіне қолайлы 9 түрлі төлем тәсілімен пайдалана алады, әрі «SMSBUS жолаушы» мобильді қосымшасы арқылы өз қажеттілігіне қарай бағыттардың қозғалыс кестесін анықтап, аялдамаға келу уақытын нақты уақыт режимінде бақылай алады.

Айта кету керек, қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесін арттыру арқылы тасымалдаушылардың ашық қызметін көрсетуге және тұрғындардың қоғамдық көлік қызметіне жаңаша көзқарасын қалыптастыруына, әрі қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне септігін тигізеді.

Тағы бір артықшылығы, қалаішілік қоғамдық көліктердің электрондық жолақы төлеу құрылғылары істен шыққан жағдайда, көлік карталары арқылы төлемді жүзеге асыратын жолаушылар тегін жол жүру құқығына ие болады.

Тағы да оқыңыз: