Қызылорда қаласының әкімдігінде кадрлық өзгерістер болды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылорда қаласының әкімдігінде кадрлық өзгерістер болды

21.02.2020, 17:40

146 0

Kyzylorda-news.kz. Қала әкімі Н.Нәлібаев аппараттық мәжілісте кадрлық өзгерістерге тоқталды.

Қызылорда қаласы әкімінің өкімімен 2020 жылғы 16 қаңтардан бастап Әбдірасулов Дәулетбек Жәнібекұлы қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалып, құрылымдық өзгерістерге сәйкес, 2020 жылғы 6 ақпанда қалалық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы қызметіне қайта тағайындалды. Сонымен қатар, 2020 жылдың 5 ақпанынан бастап Түйменов Жасұлан Қалдыбайұлы қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы қызметіне тағайындалды.

Аппараттық мәжілісте бекітілген күн тәртібіне сәйкес, «Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау барысы туралы» және «Білім саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы» екі мәселе қаралды.

Бірініші мәселе бойынша хабарлама жасаған қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Г. Рахметова атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын сапалы орындау басты назарда екендігін мәлімдеді. Бұл бағытта жыл басынан бастап атаулы әлеуметтік көмекті алушылар туралы мәліметтерді алу мақсатында 24 мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне интеграциялау жүргізілген. Сондай-ақ, жеке кәсіпкерлер туралы деректерді алу үшін жүйе Қаржы министрлігімен ықпалдастырылған. Қазіргі таңда деректер базаларындағы мәліметтер күн сайын жаңартылып отырады.

Жалпы, ағымдағы жылдың қаңтар айында атаулы әлеуметтік көмекке 3 118 отбасынан, оның ішінде 827-сі кент және ауылдық округтерден құжаттар қабылданды.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша баяндама жасаған қалалық білім бөлімінің басшысы М.Әбдіқалықова қаламыздағы №1, 4, 176 мектептердің есік-терезелерін және шатырын жаңалауға Халықаралық жобалар арқылы бюджеттен тыс көздерден қаржы тарту бағытында жұмыстар жүргізіліп жатқандығын мәлімдеді.

Бұған қоса, ерекше қажеттілігі бар балаларға кедергісіз білім беру бағытында 2019 жылдың қараша айынан бастап №23 мектеп-лицейінде инклюзивті сыныптар өз жұмысын бастап, жалпы қала бойынша 25 мектепте инклюзивті білім беруге жағдай жасалынды. Бұл барлық мектептердің 46,3%-ын құраса, ал биыл мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 5 логопедиялық пункттер ашуға және жабдықтауға және 5 логопед штаттық бірлігіне қаржы бөлінген.

Сонымен қатар, материалдық-техникалық базаны нығайту бағытында 2020 жылы білім ордаларын 48 жаңа модификациялық кабинеттермен қамтамасыз ету үшін 15 дана 3D комплект құрылғыларына қаржы қаралғандығына тоқталып өтті.

Аталған мәселелер бойынша қала әкімі бөлім басшыларына тапсырмалар беріп, оның орындалуы тікелей бақылауында болатындығын жеткізді.

0

Пікір қалдыру