Kyzylorda-news.kz.  «Қоғамдық және жол қауіпсіздігі үшін бейнебақылау жүйесін орнату» жобасы бойынша Қызылорда қаласы орталығында автокөліктер ағымы басым көп жүретін көше бойларына қосымша 7 (жеті) дана (комплекс) «АРКАН» стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғылары орнатылды.

1. Әл Фараби көшесі (№128 үй тұсы)

2. Марал Ишан көшесі («Абзал и К» ЖШС мекемесінің тұсы)

3. Т.Рысқұлов көшесі  (Мерей м\а №8 үй тұсы)

4. Жаппасбай батыр көшесі (Күріш зауыты тұсы)

5. М.Шоқай көшесі (№208, 233 үйлерінің тұсы)

6. Желтоқсан көшесі (№94 үй тұсы)

7. Н.Назарбаев даңғылы (Салық департаменті тұсы)

Аталған камералар екі бағытта жылдамдықты түсіретін болады. Сонымен қатар нөмірлік белгілерді (төмен жарық жағдайында да шағылыстыратын, сондай-ақ шағылыстырмайтын МТНБ-ны оқи отырып), машиналардың түсін, маркасын автоматты түрде тануды, жылдамдық артуын оптикалық тіркеп, учаскедегі трафикті есептейді.

ЖҚЕ бұзушылықтары туралы ақпарат, сондай-ақ нақты уақыт режиміндегі бейне автоматты түрде деректерді өңдеу орталығына жіберіледі және айыппұл туралы ұйғарымдарды қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізіліміне (ЕАҚ) енгізіледі.

Құрылғылар ағымдағы жылдың 11 қарашасы күні жергілікті уақыт сағат 00:00-ден  бастап іске қосылатындығы хабарланады.

«Жүргізушілерді жол жүру ережелерін бұзбауды және белгіленген қозғалыс жылдамдығын сақтауды сұраймыз,» – деп атап өтті Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Сұлтан Бектөре Жеңісбайұлы.

Тағы да оқыңыз: