Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласы Амангелді көшесінің тұрғыны 2004 жылы туған Мингатаева Азалия Рустамқызы іздестірілуде.

Ата – анасының айтуынша, 17 жастағы​ жасөспірім 6 шілде күні күндізгі уақытта үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

“Жоғалған жасөспірім​ туралы қандай да бір ақпарат анықталған жағдайда​ Қызылорда облысы Полиция департаментіне,​ Қызылорда қалалық Полиция басқармасына шұғыл түрде хабарласуларыңызды сұраймыз. Ерекше белгілері: Бойы 160-165 см, арық денелі, шашы қара түсті. Киген киімдері: қызыл түсті футболка мен белдемше, ақ кросовка. Байланыс нөмірлері:​ 8(7242) 29-70-10, 29-75-20, 29-75-07​ және 102 арнасы”, – делінген Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Тағы да оқыңыз: