Kyzylorda-news.kz.   11-18 қазан аралығында «Нелегал-Кордон» жалпы республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтті. Іс-шараның мақсаты – тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасына заңсыз келетін адамдарды анықтау, заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу, сондай-ақ өзара іс-қимылды жандандыру, шетелдіктерді еңбекке заңсыз тарту фактілерін анықтау.

Заңсыз еңбек көші-қонының жолын кесу үшін Қызылорда облысында да рейдтік іс-шаралар өткізіліп, 390 заң бұзушылық анықталды.

Сонымен қатар 7 шетел азаматы сот қаулысымен кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасының аумағынан әкімшілік жолмен аластатылды.

ҚР ҚК-нің 394 бабымен 1 Қазақстан Республикасының азаматшасына қатысты қылмыстық іс қозғалып, Басқарманың анықтау бөліміне жолданды. Тәртіп сақшылары шетел азаматтарының заңсыз еңбек жұмыс күші жұмыстары мен Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзған азаматтарды анықтау мақсатында жұмыстарын жалғастыруда.

Тағы да оқыңыз: