Kyzylorda-news.kz. “ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ Қызылорда өндірістік филиалы инвестициялық бағдарлама аясында салынған газ құбырын қосып, газбен жабдықтау жүйесін жақсарту мақсатында жұмыс жүргізбек.

Осы орайда 21 қазан күні, сағат 8:00-ден 22:00-ге дейін Қызылорда қаласының КБИ, Коммунизм және Қызылжарма шағын ауданындағы тұрғын үйлер мен коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындардың тұтынушыларына табиғи газ беру тоқтатылатынын хабарлайды.

“Газды өшіру кезеңінде газ аспаптары алдындағы крандарды жабуды сұраймыз және филиал қызметкерлерінің газды қайта іске қосуды жүргізу мақсатында 2020 жылы 21 қазан күні, сағат 15.30-дан бастап қол жеткізуін қамтамассыз етуді сұраймыз.
Осы инвестициялық жобаны жүзеге асыру газ тарату жүйесінің сенімділік деңгейін арттыруға, газ құбырларындағы газ қысымын тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Қызылорда қаласындағы Коммунизм және Саяхат шағын ауданында , барлық тұтынушыларды газбен сапалы әрі тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ газ тарату желілеріндегі авариялық жағдайлардың салдарын барынша азайту”, – делінген қала әкімдігінің хабарламасында.

Газдың иісі шығуы анықталған жағдайда 104 телефонына қоңырау шалыңыз.

Тағы да оқыңыз: