Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында дезинфекциялау жұмыстары қайта басталды.

Облыс орталығындағы даңғылдарды, көшелерді, барлық нысандар мен халық көп шоғырланатын аумақтарды дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың 28 мамырынан бастап Қызылорда гарнизонының 25-ке жуық әскери қызметшілерінің белсенділігі тағы да көрініс таба бастады. Қала әкімдігімен бірлесе атқарылып жатқан жұмыстар өз нәтижелерін беруде. Әскери қызметшілер күннің аптап ыстығында да қауіптің алдын алуда.

Қалада дезинфекциялық жұмыстар әлі де жалғасын табатын болады.

Тағы да оқыңыз: