Қызылорда қаласы шекарасы бойынша 5 санитарлық блок-бекет орналастырылды – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылорда қаласы шекарасы бойынша 5 санитарлық блок-бекет орналастырылды

31.03.2020, 15:40

1324 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада коронавирус инфекциясының таралып кетуінің алдын алу мақсатында  Қызылорда облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Әлия Әбдіқайымованың қаулысымен 2020 жылдың 31 наурызы сағат 00:00 бастап 2020 жылдың 15 сәуірі сағат 07:00 дейін Қызылорда қаласында карантин жарияланды.

Осы орайда, Қызылорда қаласы шекарасы бойынша 5 санитарлық блок-бекет орналастырылды:

1. Оңтүстік бағыт «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Ислам» кемпингі, 1834 шақырым (Шымкент, Алматы бағыты).

2. Қызылорда-Павлодар тасжолы, 13 шақырым (Жезқазған, Қарағанды, Нұр-Сұлтан бағыты).

3. Қызылорда-Ақтөбе, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Ақжарма» ауылдық округі (Баймұрат батыр елді-мекенінің тұсы).

4. «Қызылорда-Жалағаш», Қызылөзек ауылдық округі айырығы.

5. «Тұңғыш Президент саябағы» жанындағы көліктік айналма жол.