Қызылорда: Қала күніне орай ұйымдастырылған жәрмеңкеге 1,5 мың тонна өнім әкелінеді – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылорда: Қала күніне орай ұйымдастырылған жәрмеңкеге 1,5 мың тонна өнім әкелінеді

25.09.2020, 10:20

450 0

Kyzylorda-news.kz. Сенбі күні яғни, 26-шы қыркүйекте Қызылорда қаласында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Жеті аудан мен қаладағы шаруалар 1 555 тонна әкеліп, нарық бағасынан арзан бағада сатады.

«Біз «Егіс алаңнан сөреге дейін» қағидаты бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Яғни, шаруалар өз өнімдерін еш делдалсыз сата алатын болады. Көкөніс, жеміс-жидек, күріш, ет, балық және сүт өнімдерінің барлық түрлері әкелінеді. Аудандарға орындарын бөліп бердік. Барлық санитарлық талаптарды сақтап ұйымдастыратын боламыз», – деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев.

Барлық аудан мен қаладан 414 көлікпен 265,6 миллион теңгенің өнімі әкелінеді.

0

Пікір қалдыру