Kyzylorda-news.kz. Аймақта білім беру ұйымдарында жұмыс жасайтын қызметкерлердің құқығы мен заңды мүдделеріне қатысты келіп түсетін өтініштер саны өткен жылғы есепті кезеңмен салыстырғанда 50 пайызға азайған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен онлайн брифингте облыс бойынша Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалия Дәулетова мәлімдеді.

Қаңтар айында педагогикалық әдеп және мұғалімдердің құқығын қорғау мәселелері жөніндегі кеңес құрылған болатын.

“Педагогтар тарапынан туындаған мәселерге байланысты білім беру ұйымына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, мұғалімдерге түсіндірме беріліп отырылады. Жыл басынан бері әдеп қағидасын бұзған білім беру ұйымының бір басшысына қатаң сөгіс берілді. Сондай-ақ, әлеуметтік желілердегі педагогтардың мәселелерін үнемі назарға алып, департаментке қойылатын сауалдарға жауап берілуде. Осыған орай тиісті мекемелермен өзара іс-қимыл шараларын атқарудамыз”, – деді Ғалия Ноғайқызы.

Тағы да оқыңыз: