Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысындағы мектептер арасында нашақорлыққа қарсы онлайн форматта сайыс өтті.

Сайыс нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылды.

Сайыстың негізгі мақсаты – жастар, балалар мен жасөспірімдердің бойында есірткі тарату мен тұтынуға қарсы тұруды дамыту, салауатты және қауіпсіз өмір салтын қалыптастыру. Жарыс арқылы балаларға есірткі затының адамға қалай әсер етіп, оның тәуелділікке әкелетінін түсіндіру.

Сайысқа қатысушылар түрлі бағытта өнер көрсетті. Олар ән, би, сурет арқылы нашақорлық мәселесін шебер көрсете білді. Олардың тақырыпқа байланысты ізденіспен жасаған жұмыстарын арнайы комиссия сарапқа салды.

Комиссия мүшелерінің шешіміне орай 24 сайыскер аймақтық жеңімпаз атанды. Сайыстың І орынын Қармақшы ауданы №277 мектеп-лицейі жеңіп алды. Ал ІІ орынды Жалағаш ауданы №201 мектеп-лицейі иеленсе, ІІІ  орынды Қармақшы ауданы №275 мектеп-лицейі және Қазалы ауданы №94 орта мектебі өзара бөлісті.

Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етіледі.

Тағы да оқыңыз: