Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес аймағымыздағы халыққа қызмет көрсету орталықтары өз жұмыс кестесін уақытша өзгертті.

Облыстағы барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды күнделікті сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін қабылдайтын болады. Сонымен қатар, шілде айының 11, 12, 18, 19, 25, 26 яғни, сенбі және жексенбі күндері орталықтар жұмыс істемейді.

Осыған байланысты Қызылорда қаласының Халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде қызмет алу үшін кезекті сағат 15:30-ға дейін брондау қажет. Одан кейінгі бронь жарамсыз деп саналады. Ал, сенбі және жексенбі күндеріне кезек уақытын брондап қойған азамматар бронь уақытын басқа күнге ауыстыруларыңызды сұраймыз.

Тағы да оқыңыз: