Kyzylorda-news.kz. Аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндамасынан кейін жұртшылық сауалдарына жауап берді.
Қала тұрғыны Нұргүл Нұрғалива өзінің көпбалалы ана екенін айтып, мектептегі бала қауіпсіздігіне алаңдайтынын жеткізді.
– Менің 4 балам да мектеп оқушысы. Тараз қаласындағы оқиғадан кейін мектептегі бала қауіпсіздігіне алаңдаймыз. Сондықтан барлық мектепті камерамен жабдықтау мәселесі оң шешімін тапса дейміз, – деді ол.
«Бұл мәселе Үкіметтің де бақылауында. Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы бар. Яғни 1 қыркүйекке дейін барлық мектептер камерамен жабдықталуы керек. Қала және аудандарға тапсырма берілді. 1 тамызға дейін бюджетке қарасты барлық мектеп, балабақшалар бейнекамерамен жабдықталатын болады. Ол үшін 250 млн теңге қаржы бөлініп тұр», – деді аймақ басшысы аталған сауалға.