Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан бір адам қайтыс болды.

27 мамыр сағат 15:30 шамасында Самара-Шымкент тас жолының Жалағаш ауданы Аққұм ауылының тұсында шетелдік нөмірлі жеңіл көлік пен «Камаз» жүк көлігі соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір жолаушы қайтыс болып, сегіз адам медициналық мекемеге жеткізілді.

Болған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен (автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда адам өлiмiне әкеп соғу) сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық іс бойынша барлық қажетті сот сараптамалары тағайындалды.

Мән-жайы анықталып жатыр.

Тағы да оқыңыз: