Kyzylorda-news.kz Жыл сайын сушылар елді мекендерді су басу қаупін сейілту мақсатында Сырдария өзенінің сағасындағы барлық каналдарды ашып, ескі арналардың бұрынғы іздерін тазарту жұмыстарын жүргізеді.

Осындай маңызды жұмыстардың жүйелі орындалуы су саласы қызметкерлеріне тікелей қатысты. Алайда, өңірде гидротехниканы меңгерген маман тапшы. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «ҚАЗСУШАР» РМК Қызылорда облыстық филиалы директорының орынбасары Жорабек Ерназаров мәлімдеді.

Бүгінде бұл мекемеде 13 өндірістік учаске, 836 су мамандары бар. Облыс бойынша 1000-ға жуық жан осы салада. Кезінде су шарашылығында 2400-3000-ға дейін адам жұмыс жасайтын.

«Жаз мезгілдерінде ерте тұрып, кеш жататын да, қыс айларында мұз кешетіндер де сушылар. Олар жылда елді мекендерді су басу қаупін сейілту үшін Сырдария өзенінен саға алатын барлық каналдарды ретке келтіру жұмыстарын да жүргізеді. Дегенмен, осы саланың көзін білетін инженер-гидротехниктер өте аз. Суды пайдаланушылар арасында да мамандар жоқ. Осыған орай көп ретте су бөліп беру кезінде түсінбеушіліктер де туып жатады,» – дейді Жорабек Шаршыбекұлы.

Тағы да оқыңыз: