Kyzylorda-news.kz. Аймақта жыл басынан бері құрылыс сапасына қатысты 23 әкімшілік іс қозғалып, кемшіліктер қалпына келтірілді.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Марат Мырзабеков мәлімдеді.

“Өңірдегі құрылыс жұмыстарының сапасына бақылау күшейтіліп, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жалпы 34 жоспардан тыс тексеру ұйымдастырылды, анықталған ақаулар мен кемшіліктерді жою жөнінде 10 нұсқама берілді. Бұған қоса, профилактикалық сипатта тексерілетін барлығы 64 кәсіпкерлік субъектісі жоспарға енгізілді. Оның 37-і тексеріліп, анықталған бұзушылықтар бойынша 31 нұсқама берілді. Сондай-ақ, басқарма тарапынан көрсетілетін 5 түрлі мемлекеттік қызмет «Е-лицензиялау» электронды порталына көшіріліп, тұрғындарға 502 қызмет көрсетілуде. Оның 237-і сарапшылық қызметке аттестаттауға, 265-і лицензиялауға қатысты”, – деді Марат Салқадинұлы.

Тағы да оқыңыз: